Өлеңті – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 273 км, су жиналатын алабы 4230 км2.
Бастауы Өлеңті Ерейментаудың 500 – 550 м биіктіктегі бұлақтарынан басталып, таудың шығыс беткейінен ағып, Қаражар ауылының тұсында Әулиекөлге құяды.
Гидрологиясы Аңғары мен арнасы таулы жерде тар шатқал (120 м) жасап ағады. Жазықта аңғары 1 – 1,5 км-ге кеңейеді. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Суы тұщы. Жылдық орташа су ағымы өзеннің сағасында 0,60 м³/с. Өзен бойында бөген (Лиманное), су құбыры бар. Жайылмасы шабындық, суымен жайылым суарылады және елді мекендер пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Ерейментау ауданы өзендері Санат:Осакаров ауданы өзендері Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі өзендері