Уго Санчес Маркес (; 11 шілде, 1958, Мехико) — мексикалық футболшы, шабуыл шебінде ойнаған. Мексика Ұлттық құрамасының шабуылшысы, кейін бапкерлікпен айналысқан.
Мансабы "УНАМ Пумас" футбол клубының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 1976 жылы бастады. Келесі жылы ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізді. Сол жылы тұңғыш голын да соқты, 1977 жылы 9 қазан күні Гаитидің қақпасын дәл көздеді. Бұл — КОНКАКАФ Кубогының іріктеу кездесуі болатын.
Уго Санчес 1986 жылы Мексикада өткен әлем біріншілігінде Ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының бірі болды. Бірақ шабуылшы тек бір рет қана, Бельгиямен ойында көзге түсті. Ал екінші турда Парагваймен ойынның 85-минутында пенальтиді соға алмады.
Уго 1994 жылғы әлем чемпионатына да қатысты.
40 жасқа дейін футбол ойнаған әлемдегі санаулы футболшылардың бірі.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Мексика чемпионы (1977, 1981) Испания чемпионы (1986, 1987, 1988, 1989, 1990) Испания кубогы (1985, 1989) Испания суперкубогы (1985, 1988, 1989, 1990) КОНКАКАФ Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (1980, 1992) Копа Интерамерикан жеңімпазы (1981) УЕФА Кубогы (1986) КОНКАКАФ чемпионы (1977)
Жеке жетістіктері
Алтын бутцы иегері (1990 жылы Христо Стоичковпен бірге) Испания чемпионатының үздік мергені (1985, 1986, 1987, 1988, 1990) Мексика чемпионатының мергені (1978) ХХ ғасырдағы Мексиканың үздік спортшысы ХХ ғасырдағы Мексиканың үздік футболшысы ФИФА 100 тізімінде бар
Бапкер ретінде
Мексика чемпионы (2004, Апертура и Клаусура)
Сілтемелер Уго Санчес
Санат:Мексика футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Америка Мехико ФК ойыншылары Санат:Райо Вальекано ФК ойыншылары Санат:Мексика футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары