Үндістан Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Үндістанның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және АФК мүшесі, одан бөлек Оңтүстік Азия футбол федерациясы тізімінде бар.
Тарихы Үндістан футбол құрамасы көптеген аймақтық жарыстарға және 4 рет Азия кубогына қатысқан. Тіпті олардың әлем чемпионатына да қатысуларына мүмкіндіктері болды, 1950 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуіндегі барлық қарсыластары бас тартты да, жолдамаға автоматты түрде ие болды. Тіпті финалдық турнирдің жеребесі тартылып, Үндістан футболшылары Италия, Швеция, Парагвай құрамаларымен бір топқа түсті де. Бірақ "біз аяқ киіммен ойнай алмаймыз, жалаңаяқ ойнайық" деген талаптарын ФИФА қабылдамай тастадыФИФА жалаңаяқ ойнауға тыйым салды. Одан басқа тағы бір себеп, алыстағы Бразилияға бару-келу шығынын да ауырсынып, нәтижеде чемпионат Үндістансыз өтті.
Азия кубогында бір рет, 1960 жылы екінші орын алды.
Жетістіктері
Оңтүстік Азия чемпионы (7 рет): 1993, 1997, 1999, 2003, 2009, 2011, 2015 Азия Челлендж кубогының жеңімпазы: 2008 Азия кубогының күміс жүлдегері: 1960 Азия ойындарының жеңімпазы: 1951, 1962 Дереккөздер
Сілтемелер
Үндістан Құрамасының 1938 жылдан бергі барлық матчтары
Санат:Үндістан Ұлттық футбол құрамасы