Уганда Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Уганданың намысын қорғайтын құрама. 1959 жылы Африка Футбол Конфедерациясына, бір жылдан соң ФИФА-ға мүше болды. 

Тарихы Орталық және Шығыс Африканың күшті құрамаларының бірі. Әзірше әлем чемпионатына қатыспаған. Ал құрлықтың басты турниріне (Африка Ұлттарының Кубогына) бес рет қатысты. 1978 жылғы Африка чемпионатында финалға дейін жетіп, біріншілік қожайындары Гана құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осы жоғарғы жетістігінен соң тек 39 жылдан кейін ғана турнирдің финалдық турниріне қатыса алды. 2017 жылғы кубокта топтық турнирден аса алмады.

Жетістіктері

Шығыс және орталық Африка чемпионы — 13 рет (1973, 1976, 1977, 1989, 1990, 1992, 1996, 2000, 2003, 2008 , 2009, 2011, 2012) Финалист — 4 рет (1974, 1982, 1994, 1995)

Дереккөздер

Сілтемелер ФИФА сайтындағы профилі

Санат:Уганда Ұлттық футбол құрамасы