Роберто Фирмино Барбоза де Оливейра (; 1991 жылы 2 қазанда туған, Масейо, Бразилия) — бразилиялық футболшы, "Әл-Ахли" клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы.
Мансабы Клубтық "Фигейренседе" біраз жыл ойнап, 2011 жылы Еуропаға келді. Германияның "Хоффенхайм" клубындағы алғашқы матчын 2011 жылы 24 ақпанда "Майнцқа" қарсы өткізді. Маусымның соңына дейін Фирмино үш гол соқты.
2015 жылы 24 маусымда ресми түрде "Ливерпуль" футболшысына айналды. Клубтағы алғашқы голын сол жылдың 21 қарашасында "Манчестер Сити" қақпасына енгізді. Фирминоның ойыны ұнаған "Ливерпуль" фанаттары оған Бобби деп ат қойып алған. Футбошының өзі бұл жаңа есімнің өзіне керемет ұнайтынын бірнеше мәлімдеді.
Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын 2014 жылы 12 қараша күні Түркия құрамасына қарсы өткіздіРоберто Фирмино: Бразилия сапында ойнау қандай бақыт!. Алғашқы голын алты күн өткен соң Аустрияның қақпасына енгіздіAustria 1-2 Brazil: Roberto Firmino strikes late winner.
Жетістіктері Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2018/19 Футболдан Америка кубогының иегері: 2019
Дереккөздер
Cілтемелер Футболшының профилі Футболшының стаистикасы
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Фигейренсе ФК ойыншылары Санат:Хоффенхайм ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Әл-Ахли Жидда ФК ойыншылары