Алекс Сандро Лобо Силва (порт. Alex Sandro Lobo Silva; 26 қаңтар, 1991 жыл, Ананиндеуа, Бразилия), немесе жәй ғана Алекс Сандро — бразилиялық футболшы, «Ювентус» клубы мен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы Бразилияның "Атлетико Паранаэнсе" клубының түлегі. Осы клубта, Уругвайдың "Депортиво", Бразилияның "Сантос" командаларында ойнап, 2011 жылы Еуропаға келді. "Порту" сапында төрт жылдай ойнады да, 2015 жылы "Ювентуске" ауысты. "Ювентустегі" келісім-шарты 2020 жылға дейін.

Ұлттық құрамаға алғаш рет 2011 жылы шақырылып, Бразилия-Габон жолдастық кездесуінде алаңға шықты. Содан бері 7 ойында ғана ұлттық құрама намысын қорғады.

Клубтық карьерасы 2008—2010 Атлетико Паранаэнсе 25 (1)2010—2011 Депортиво Мальдонадо0 (0)2010—2011→ Сантос38 (2)2011—2015 Порту87 (3)2015—2026 Ювентус 50 (5)

Жетістіктері Командалық "Сантос" Сан-Паулу штатының чемпионы (2): 2010, 2011 Бразилия кубогы: 2010 Либертадорес кубогы: 2011

«Порту» Португалия чемпионы (2): 2012, 2013 Португалия суперкубогы: 2013

«Ювентус» Италия чемпионы: 2015/2016, 2016/2017 Италия суперкубогы: 2015/16, 2016/17 Ұлттық құрама құрамасы Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері: 2012 Америка кубогы: 2019

Сілтемелер Ұлттық құрамалар сайтындағы профилі

Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:1991 жылы туғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Атлетико Паранаэнсе ФК ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары