Жироесептесу – банкілер мен жинақ кассалары соманы бір шоттан екінші шотқа аудару арқылы жүргізетін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрі.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 Жай шоттардан өзгеше түрде жироесепшоттардағы сома нақты ақшаға айналдырылмайды. Жироесептесуге вексельдер, чек арқылы есеп айырысу жатады. “Жироесептесу” термині кең мағынада – қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бүкіл жүйесін таңбалау үшін қолданылады. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Сілтемелер Банк кредиттері Жироесеп туралы реферат Жироесеп

Дереккөздер

Санат:Банк ісі Санат:Қолма-қол ақшасыз есеп