Богдановка — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Богданов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде, бетеге боз, жусан аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты, қуаң далалық белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 649 адам (314 ер адам және 335 әйел адам) болса, 2009 жылы 507 адамды (248 ер адам және 259 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 419 адамды (218 ер адам және 201 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1936 жылы «Родина» астық өсіру ұжымшары ретінде қаланды. 1997 жылдан Богдановкада 9 шаруа қожалығы, 1 серіктестік құрылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы елді мекендері