Спартак — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Январцев ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 89 км-дей жерде, Быковка өзенінің Жайыққа құяр сағасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 174 адам (87 ер адам және 87 әйел адам) болса, 2009 жылы 109 адамды (54 ер адам және 55 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 52 адамды (24 ер адам және 28 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Ауыл көшелері Коммунаров көшесі Мирная көшесі Октябрьская көшесі Речная көшесі Целинная көшесі Центральная көшесі

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері