+ <small> Қазақстан250px|Орталық стадион (Алматы) Жыл 1992 Бапкері Бақтияр Байсейітов Матч саны7 (+4 =3 -0, 8-3) → 1994 1991 жылы КСРО тарады да, сонымен бірге КСРО футбол құрамасы да бас қосуын тоқтатты. Одан бөлінген республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялап, жеке футбол біріншіліктерін өткізуге кірісіп кетті. Сондай-ақ Қазақстан футбол құрамасы да өз алдына ойнай бастады.

Шолу Футболдан Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы тарихтағы алғашқы ойынын 1992 жылы 1 маусымда Түркімения құрамасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Құрама бұл жылы және алты матч өткізді. Либиямен кездесуден өзгесі "Орта Азия кубогы" турнирі аясында өткізілгенімен, қаттамаға жолдастық кездесу ретінде ғана тіркелді. Барлығы да жолдастық кездесулер. Барлығы 7 ойын: 4 жеңіс, 3 тең ойын. Құраманы жыл бойына ойыншы әрі бапкер ретінде Бақтияр Байсейітов жаттықтырды.

Айта кетейік, бұл кезде Қазақстан құрамасы ФИФА-ға әлі толықққанды мүше болмаған-ды.

Құраманың тарихтағы алғашқы голын 1992 жылы 1 маусымда Түркіменстан қақпасына Владимир Нидергаус соқты. 1992 жылы 3 шілдеде тұңғыш рет Африка құрлығы өкілімен жолдастық кездесу өткізді. Бақтияр Байсейітов Қазақстан құрамасының бапкерлері арасындағы ешбір кездесуде жеңілмеген жалғыз жаттықтырушы.

Матчтар Матчтар тізімі

№датаматчқаламәртебе№ 11 маусым, 1992 жылҚазақстан—Түркіменстан—1:0 АлматыЖолдастық кездесу № 23 шілде, 1992 жылҚазақстан—Либия—1:0 ПхеньянЖолдастық кездесу№ 316 шілде, 1992 жылҚазақстан—Өзбекстан—1:0 АлматыЖолдастық кездесу№ 414 қыркүйек, 1992 жылТүркіменстан—Қазақстан—1:1 АшхабадЖолдастық кездесу№ 526 қыркүйек, 1992 жылҚырғызстан—Қазақстан—1:1 БішкекЖолдастық кездесу№ 614 қазан, 1992 жылӨзбекстан—Қазақстан—1:1 ТашкентЖолдастық кездесу№ 725 қазан, 1992 жылҚазақстан—Қырғызстан—2:0 ҚызылордаЖолдастық кездесу

Жыл қорытындысы Тағы қараңыз Қазақстан — Түрікменстан футбол матчы (1992) Дереккөздер

Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы Санат:1992 жылғы футбол