Югославия Ұлттық футбол құрама командасы — 1920-2003 жылдары халықаралық футбол жарыстарында Югославияның намысын қорғаған құрама. Әлем чемпионаттарында екі рет жартылай финалға жеткен (1930, 1962). Еуропа чемпионаттарында екі рет күміс жүлдені иемденген (1960, 1968). Дәл қазір заңды мұрагері ретінде Сербия құрамасы есептеледі.
Тарихы 1930 жылы Уругвайда өткен әлем чемпионатына қатысқан 13 құраманың, Еуропадан барған төрт құраманың бірі. Алғашқы ойында-ақ Бразилияны ұтып, елді таңғалдырды. Бошко Симоновичтің шәкірттері келесі ойында Боливияны ірі есеппен ойсыратып, жартылай финалға шықты. Бірақ жартылай финалда алаң иелерінен 1:6 есебімен ұтылып қалды.
Мұнан соң құрама көпке дейін әлем чемпионаттарында жарқырай алмады, есесіне қатарынан үш бірдей жазғы Олимпиада ойындарында финалға шықты. Оған қоса 1960 жылғы тұңғыш Еуропа чемпионатында да финалда КСРО-дан 1:2 есебімен ұтылып қалды. 1962 жылы Чилиде өткен әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Бірақ өз көршілері Чехословакиядан ұтылып қалды. Арада алты жыл өткен соң Еуропа чемпионатының финалында Италиямен кездесті. Әуелгі ойын 1:1 есеміне тең аяқталды да, екі күннен соңғы қайталау матчта Италия жеңіске жетті.
Әлем Чемпионатына Югославия деген атпен соңғы рет 1998 жылы қатысып, 1/8 финалға дейін жетті. 2000 жылы Еуропа чемпионатында топтық турнирде Словения, Норвегия, Испания құрамаларымен бір топқа түсіп, екінші орынмен 1/4 финалға шықты. 1/4 финалда алаң иелерінің бірі Нидерланд құрамасынан 1:6 есеімен ойсырай ұтылды. Бұл чемпионатта югослав футболшысы Саво Милошевич 5 гол соғып, Клюйвертпен бірге турнирдің басты мергендерінің бірі болды.
1991 жылы мемлекет тарап кетті. Бірақ 2003 жылға дейін Югославия деген атпен түрлі турнирге қатысып жүрді. Кейін 2003 жылы Сербия және Черногория боп ауысты, ал 2006 жылғы әлем чемпионатынан кейін Сербия мен Черногория өз алдарына бөлініп кетті.
Жетістіктері
Олимпиада чемпионы 1960 года Әлем Чемпионатының жартылай финалисі - 1930 Әлем чепионатында-ші орын - 1962 Еуропаның күміс жүлдегері: 1960, 1968 Атақты футболшылары Сафет Сушич Фарук Хаджибегич Анте Жанетич Йосип Скоблар Томислав Ивкович Звонимир Бобан Роберт Просинечки Златко Чайковский Иван Хорват Илия Пантелич Драган Джаич Дражан Еркович
Әлем чемпионаттарында гол соққандар ОйыншыГол193019501954195819621974198219901998Дражан Еркович44Иван Бек33Душан Баевич33Драган Стойкович321Тодор Веселинович33Желько Чайковски22Милан Галич22Давор Йозич22Станислав Караси22Слободан Комленович22Дарко Панчев22Александар Петакович22Ивица Шуряк22Коста Томашевич22Джордже Вуядинович22Степан Бобек11Владислав Богичевич11Драган Джаич11Иван Гудель11Йосип Каталинский11Благое Марьянович11Синиша Михайлович11Предраг Миятович11Милош Милутинович11Войслав Мелич11Райко Митич11Бранко Облак11Тихомир Огнянов11Радивое Огнятович11Илия Петкович11Владимир Петрович11Роберт Просинечки11Петар Радакович11Здравко Райков11Йосип Скоблар11Сафет Сушич11Александар Тирнанич11Бранко Зебец11Барлығы6077271012285
Тағы қараңыз Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрамасы Сербия Ұлттық футбол құрамасы Хорватия Ұлттық футбол құрамасы Словения Ұлттық футбол құрамасы Солитүстік Македония Ұлттық футбол құрамасы Черногория Ұлттық футбол құрамасы Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы Косово Ұлттық футбол құрамасы
Сілтемелер Ұлы құрамалар: Шығыс Еуропа құрамалары. «Футбол». (орыс тілінде) — 2009. — № 11 (47). — С. 13-20.
Санат:Югославия Ұлттық футбол құрамасы