1982 жылы Испанияда өткізілген футболдан ерлер арасындағы 12-ші әлем чемпионаты — 13 маусым - 11 шілде аралығында Испанияның бірнеше стадионында өтті. Тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатына 24 команда қатысып, Италия құрамасы үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Чемпионатқа шолу 24 құрама алты топқа бөлінді. Әр топтан екі құрамадан озып шығып, екінші кезеңде үш командадан төрт топқа бөлінді. Әр топтан бір-бір команда озып шығып, жартылай финалға жолдама алды.
"А" тобындағы алты ойынның бесеуі тең аяқталды. Тек соңғы турда ғана Польша 5:1 есебімен Перуді ұтты. Италия мен Камерун құрамалары бірдей ұпай жинап, екінші орын доп айырмасы дұрыстау Италияға берілді. Ол кезде Италияны чемпион атанады деп ешкім ойлаған жоқ.
Чемпионатта сенсациялар жетерлік болды. Мәселен, біріншілікке әлем чемпионы ретінде келген Аргентина бірінші кездесуде-ақ Бельгиядан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Бұл матчта әйгілі Диего Марадона өзінің әлем чемпионаттарындағы алғашқы ойынын өткізді. Сондай-ақ, ГФР құрамасы да алғашқы матчта Алжирден ұтылып қалды.
Топтық турнир А тобы
В тобы
С тобы
Д тобы
Е тобы
Ғ тобы
Екінші топтық кезең Бірінші топ
Екінші топ
Үшінші топ
Төртінші топ
Плей-офф Жартылай финал
Үшінші орын үшін
Финал Толық мақаласы: 1982 жылғы әлем чемпионатының финалы
Мергендер
6 гол Паоло Росси
5 гол Карл-Хайнц Румменигге
4 гол Зико Збигнев Бонек
3 гол Фалькао Ален Жиресс Ласло Кишш Джерри Армстронг
Санат:Футболдан 1982 жылғы әлем біріншілігі Санат:1982 жылғы футбол