1990 жылғы футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. 8 шілдеде Римдегі "Олимпико" стадионында өтіп, ГФР Аргентинаны 1:0 есебімен ұттыhttps://www.fifa.com/worldcup/archive/italy1990/matches/match/27/.

Матч

Шолу Ойында немістер айқын басымдық танытты. Финалға дейінгі алты кездесуде 14 гол соққан Германия футболшылары бұл матчтағы басты фаворит еді. Оны матч барысында дәлелдеді де. Олар өте көптеген қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Оның үстіне 65-минутта аргентиналық Педро Монсон алаңнан қуылды да, латынамерикандықтар тек қорғанумен болды.

85-минутта бәрібір есеп ашылды. Төреші пенальти белгілеп, оны Андреас Бреме дәл орындады. Осы есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ.

87-минутта тағы бір аргентиналық ойыншы — Густаво Десотти алаңнан қуылды. Ойыннан соң төрешілерге ренжіген атақты Диего Марадона көзіне жас алды, күміс алқаны алудан бас тартты.

Протокол

ққ 1 Бодо Илльгнерқр 5 Клаус Аугенталерқр 6 Гвидо Бухвальдқр 4 Юрген Колержқ 14Томас Бертольд жқ 3 Андреас Бремежқ 8 Томас Хесслержқ 10Лотар Маттеус (к)жқ 7 Пьер Литтбарскишб 9 Руди Фёллершб 18Юрген Клинсманн Алаңға шыққандар:қр 2 Штефан Ройтер Бапкер:Франц Беккенбауэр ққ 12Серхио Гойкочеақр20Хуан Симонқр 18Хосе Серрисуэлақр 19Оскар Руджери қр 13Нестор Лоренсожқ 4 Хосе Басуальдожқ 7 Хорхе Бурручага жқ 21Педро Трольо шб 17Нестор Сенсинишб 10Диего Марадона (к) шб 9 Густаво Десотти Алаңға шыққандар:қр 15Педро Монсон жқ 6 Габриэль Кальдерон Бапкер: Карлос Билардо

Фактілер

Тарихта тек бір рет қана чемпионат финалистері араға төрт жыл салып, жұбын жазбай финалға шыққан. 1986 жылы да финалда немістер мен аргентиналықтар ойнаған болатын.

Немістер қатарынан үш рет финалға шыққан тарихтағы тұңғыш құрама атанды. Кейін, 1994-98-2002 жылдары бұл жетістікті Бразилия қайталады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Шолу

Санат:Футболдан 1990 жылғы әлем біріншілігі Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1990 жылғы шілде Санат:8 шілде оқиғалары Санат:Римдегі халықаралық спорт жарыстары Санат:1990 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары