«Қарағай орманындағы таң» — орыс суретшілері Иван Шишкин және Константин Савицкийдің суреті.
Савицкий аюларды салған болатын, бірақ коллекционер Павел Третьяков оның қолтаңбасын өшірген, сондықтан сурет авторы болып көбіне Шишкин белгіленеді. Бұл пейзажға анималистік мазмұнның элеметтерінің сурет композициясына кіріктірілгенінің арқасында сурет өте танымал. Жұмыс суретшінің Гордомля аралында көрген табиғат жағдайын егжей-тегжейлі бейнелейді. Қалың ну орман емес, ұзын ағаштардың арасынан өтіп бара жатқан күн нұры көрсетіледі. Сайлардың тереңдігі, ғасырлық ағаштардың қуаты, күн шуағының бұл қалың орманға кіріп бара жатқаны сезіледі. Таңның атып бара жатқанын ойнап жатқан қонжықтар да сезіп жатыр.
Тарихы Суретті салу ниетін Савицкий Шишкинге білдірген екен, кейін ол авторлас болып, қонжықтарды бейнелеген. Бұл қонжықтар саны және тұрыстары ерекшеленетін суреттің алдын-ала эскиздерінде болған. Жануарлардың Савицкиймен сәтті шыққаны соншалық, ол тіпті Шишкинмен бірге кенепте өз қолтаңбасын қалдырған болатын. Савицкийдің өзі жақындарына хабарлаған екен: . Суретті иемдегеннен кейін, Третьяков Савицкийдің қолтаңбасын өшіріп, Шишкинді жалғыз автор қылып қалдырған еді, себебі оның сөзінше:
Бұқаралық мәдениетте «Қарағай орманындағы таң» репродукциялары КСРО-да кең таралған еді, соның ішінде XIX ғасырдың өзінде «Маймақ аю» кәмпиттерінің орамында болды. Осыған байланысты, суреттің өзінде 4 аю бейнеленгеніне қармастан, елде оны жиі «Үш аю» деп атайды.Генис А. А. Акмеист леса Шишкин // Фантики. — М.: Астрель : CORPUS, 2010. — 192 с. — ISBN 978-5-271-24552-7
Әдебиет Иван Иванович Шишкин. Переписка. Дневник. Современники о художнике / Сост. И. Н. Шувалова — Л.: Искусство, Ленинградское отделение, 1978; Аленов М. А., Евангулова О. С., Лившиц Л. И. Русское искусство XI — начала XX века. — М.: Искусство, 1989; Анисов Л. Шишкин. — М.: Молодая гвардия, 1991. — (Серия: Жизнь замечательных людей);
Дереккөздер
Санат:Суреттер Санат:1889 жылғы картиналар Санат:Иван Шишкин картиналары Санат:Константин Савицкий картиналары Санат:Мемлекеттік Третьяков галереясы жинақтамасындағы картиналар Санат:Аю суретті картиналар