Марайа ( — аралы "Мария") — Тасмания аралының шығыс жағалауында орналасып  (Австралия), Тасмания штатының құрамына кіреді. Ауданы — 101 км2. Арал  өзінің жағалау суларының бөлігімен бірге  Марайа-Айленд  ұлттық паркін құрайды. Аралда тұрақты халық жоқ — тек қана ұлттық парк қызметкерлері мен туристер. 1820-жылдары арал тұтқындарға арналған колония ретінде пайдаланылған кезде пайда болған  Дарлингтон (Darlington)  шағын тарихи кенті аралдың солтүстік аумағында орналасқан.

Ерте британдық көшіп келушілер секілді  Тасмания тұрғындары арал атауын  (ma-rye-uh) дейді, алайда бастапқыда ол сөз айтылуы (ma-ree-uh) болған еді. Орыс тіліндегі Росткартография  карталарында  "Марайа"Австралия, Карта (Масштаб 1:6 000 000), Роскартография, 2003, Г-4194.жазылуы қолданылады.

 Тарихы XVIII ғасыр және одан бұрынғы жылдары Ерте заманнан арал аумағында тасман аборигендері қоныстаған. Олар Ойстер-Бей () тайпаларына кірген және өздері Tyreddeme деп атаған. солға|нобай|200x200 нүкте|Марайа аралы бейнеленген Ван-Димен Жерінің картасы(1644) Аралға жеткен ең алғаш еуропалық экспедиция голландиялық теңізші Абель Тасманның саяхаты болды. 1642 жылы ол  Ван-Димен Жерін (кейінірек Тасмания) ашқан кезде ол Марайа аралы маңайында болған. Ол  Ост-Үнді голландиялық колониясының генерал-губернаторы Антони ван Дименнің әйелі  Мария ван Дименнің (Maria van Aelst, ) құрметіне  аралды Maria (нидер. Marias Eylandt) атады.

Осыдан кейін көптеген экспедициялар арал маңайынан өткен болатын. Марк  Жозеф Марион-Дюфрен (, 1771), Тобиас Фюрно (, 1773) және Джон Генри Кокс (, 1789) экспедициялары осы саяхаттардың дәлелі.

1789 жылы Джон Генри Кокс экспедициясының мүшелері — Кокстың өзі, лейтенант Джордж Мортимер (), сондай-ақ капитанның екінші көмекшісі —  Mercury кемесімен өздері кейінірек Ойстер (Oyster Bay) деп атап кеткен жағалаудың батыс бөлігіне тоқтайды. Саяхатшылардың  есебіне сәйкес, олар мен аборигендер арасында достық қарым-қатынас ретінде сипатталған байланыстар болған.

XIX ғасыр 1802 жылы аралда француз саяхатшысы Николя-Том Боденнің (фр. Nicholas Baudin) экспедициясы болды. Боден жағалау белдейін зерттеуге өз жасағын жіберген болатын. Осы жасақ құрамында көптеген географиялық нысандарға атау берген географ Шарль-Пьер Буланже (фр. Charles-Pierre Boullanger) де болды.  20 ақпан, 1802 жылы Буланже, зоолог Франсуа Перон () және  руль басқарушысының көмекшісі  Жан-Мари Морар () Ойстер жағалауының солтүстік ұшында орналасқан Пойнт-Лесур ауданына тоқтады және сол жерде олар аборигендермен байланыс орнатты. Сол түні экспедиция хирургі және зоологы Рене Може (René Maugé) дизентерия ауруынан қайтыс болды  . Ол келесі күні аралда жерленді.

оңға|нобай|200x200 нүкте|Джон Скиннер Праут, "Литл-Суонпорттан Марайа аралының көрінісі, Ван-Димен Жері"

Марайа аралы өнер туындыларында Марайа аралымен байланысты әйгілі суреттердің бірі - ағылшынтектес аустралиялық суретші Джон Скиннер Прауттың (John Skinner Prout, 1805-1876) — "Литл-Суонпорттан Марайа аралының көрінісі, Ван-Димен Жері" (, шамамен 1846, картина көлемі 29×35 см). Бұл шығарма Аделаида қаласындағы Оңтүстік Аустралияның Өнер Галереясында () орналасқан және сақталған.

Дереккөздер

Санат:Тасмания штаты аралдары Санат:Елсіз аралдар Санат:Томболо (рельеф формасы)