Қараоба – Теріскен құмының солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылының оңтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 165 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.

Жер бедері Солтүстігінде Шырқала қырқасы, батысында Ақкөл тақыры, оңтүстігінде Шайтаншағыл, Шілікқараоба, Қарашбай, шығысында Шет Аққұдық, Шатай, Орта Аққұдық, Құмқұдық қыстаулары орналасқан.

Өсімдігі Сортаң топырақ жамылғысында жусан, жантақ, өлеңшөп, т.б. бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары