Соломон Гуггенхейм мұражайы () — АҚШ орналасқан өнер мұражайы, қазіргі таңдағы заманауи өнер түрін дамытатын танымал мұражай. Өзінің тарихын 1939 жылы Гуггенхайм фондынан бастады. Бастамашысы меценат Соломон Роберт Гуггенхайм болып келеді.

Тарихы 1943 жылдың маусым айында фонд мұражай дизайнын танымал архитектор Фрэнк Ллойд Райтқа тапсырады.

Архитектурасы Музей сырты төңкерілген пирамида тәрізді мұнараға ұқсас келеді. Бұл XX ғасырдың ең көрікті архитектуралық туындысы болады. Мұражай құрылысы 1959 жылы аяқталды, ол уақытта Соломон Гуггенхай мен Фрэнк Райт қайтыс болған.

Директоры 1961—1988 — Томас Мессер (1920—2013)

Мұражай филиалдары Венециядағы филиал; Лас-Вегас филиалы (2001—2008); Берлин филиалы (2012 жылы жабылған); Бильбаодағы Гуггенхайм музейі; Гуггенхайм мұражайы Абу-Даби; Гуггенхайм музейі Гвадалахаре, Мексика; Гуггенхайм музейі Вильнюсе, Литва; Гуггенхайм музейі Хельсинки, Финляндия (проектелуде)

Көрмелері Гуггенхайм музейі көптеген ұлттардың өмірін көрсететін таңғажайып көрмелер ұйымдастырады. Африка континентінің өнерін, 5 мыңдық Қытай тарихы мен Ацтек империясын. Кең ауқымды Ресей көрмелері (кураторы- З. И. Трегулова). О. Кипренский, Д. Левицкий, К. Брюллов, А. Иванов, И. Репин, И. Крамский, Н. Ге, М. Врубель, В. Серов, К. Малевич, М. Шагал, А. Дейнеки, А. Лактионов сияқты суретшілердің туындылары көрмеде орын алды. Қазіргі кезде Гуггенхайм мұражайына жылына 3 миллион адам барады, ал Лас-Вегас филиалы ашылған соң бұл көрсеткіш артады.

Дереккөздер https://www.tourister.ru/world/america/united-states/ ..

http://www.espanarusa.com/ru/pedia/article/574435

Санат:АҚШ мұражайлары