Сарықобда ауылдық округі — Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Сарықобда, Болгарка ауылдары кіреді. Орталығы – Сарықобда ауылы.
Тарихы Кеңес заманында Бессараб ауылдық кеңесі деп аталған. 1997 жылы Сарықобда ауылдық округі (орталығы Сарықобда а.) таратылып, Ильинка ауылдық округіне (орталығы Ильинка а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Ильинка ауылдық округінен Сарықобда ауылдық округі қайта бөлініп шықты.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 776 адамды (409 ер адам және 367 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Алға ауданы ауылдық округтері