Бернадетт Ширак (; 18 мамыр 1933, Париж – 5 маусым 2026) — Францияның 22-президенті Жак Ширактың жұбайы.

Өмірбаяны солға|нобай|217x217 нүкте|Ширак пен Рональд Рейган Бернадетт Шодрон де Курсель 1933 жылғы 18 мамырда Парижде дүниеге келді. 1939 жылы оның әкесі әскерге шақырылып, Үшінші рейхпен шайқаста тұтқынға алынды. 1940 жылғы маусымда Бернадетт анасымен бірге Парижден кетіп, Францияның оңтүстік-батысында орналасқан Ло және Гароннн департаментіне аттанады. 1943 жылы олар қайтадан көшеді, бұл жолы Луаре департаментіне. 1945 жылы әкесі неміс тұтқынынан үйге оралып, олар Парижге қайтады. 1946 жылы Бернадеттің сіңлісі – Катрин, ал 1948 жылы інісі - Жером дүниеге келеді. Орта мектепті аяқтағанан кейін, Бернадетт Париждегі Саясат зерттеулерінің Институтына түсті. Сол жерде ол өзінің болашақ жарымен, Жак Ширакпен танысады. Неке тойы 1956 жылғы 16 наурызда өтті. Бернадетт Ширак саясатпен айналысты және сериалдардағы бірнеше эпизодтық рөлдерді сомдады. 2004 жылғы мамырда Мәскеуде Людмила Путинамен кездесу ұйымдастырды.

Отбасы Некеде Бернадетт екі қызды дүниеге әкелді: Лоранс (1958 жылы туған) және Клод (1962 жылы туған). 1979 жылы Бернадетт және Жак Оңтүстік Вьетнамнан Ань-Дао Траксель атты қызды асырап алады. Лоранс Ширак өмірінің үлкен бөлігінде анорексиямен ауырды және өзін-өзі мерт қылуға тырысқан. Ол 2016 жылғы 15 сәуірде жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Клод Ширак әкесінің кеңесшісі болып жұмыс істеді, француз дзюдоисті Тьерри Ремен неке құрған, ұлы – Мартен Ре-Ширак бар.

Дереккөздер

Санат:Франция президенттерінің жұбайлары