АЩЫТАСТЫ-19 – археологиялық қазба орны. Қазбадан ішіне шақпақ тас толтырылған төрт тас жәшік аршылып алынды. Жәшіктер бір–бірімен жалғаса орналасқан. Олар солтүстік батыстан, оңтүстік-шығыс бағытында орналасқан. Жәшіктердің солтүстік-шығыс жағына салынған өрнектердің бірінде моңғол тектес ер адамның кескіні бейнеленген. ТОРҒАЙ ЕЛІ. Энциклопедия. Құрастырған Т. Рсаев. Алматы, «Арыс» баспасы, 2013 жыл
Дереккөздер