Николай Степанович Королев (22.05.1921–27.11.1943) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, әуе-десанттық әскер, Кеңес Одағының Батыры (1944)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 10 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 19 января (№ 3 (263)). — С. 1.
Өмірбаяны 1921 жылы Владимир облысы, Муромск ауданының Катышева деревниясында туған. Ақтөбе облысында мұғалім болып жұмыс істеді. 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Батальонның комсоргі, гвардия старшинасы Королев 1943 жылы қазан айында Киев облысы, Чернобыль ауданының Губин селосы маңында болған ұрыста айрықша көзге түсті. Батальон жаудың 7 қарсы шабуылына тойтарыс берген.
Марапаты 1944 жылы 10 қаңтарда гвардия старшинасы Н.Королевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ақтөбе: Энциклопедия. - Ақтөбе, 2001. - 748 бет
Дереккөздер
Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:Кеңес Одағының батырлары