Ойсылқарасай – Сырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы жерімен ағады.

Гидрологиясы Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 880 км2. Өзен Қарақтау тауының етегіндегі бұлақтардан басталады. Сырдарияға жетпей тартылып қалады. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Су деңгейі ақпанда көтеріліп, мамыр – маусым айларына дейін су ағыны болады. Салалары – Соркөлсай, Шығанақсай. Өзен аңғарында бетеге, жусан, көде және аласа бұталар өседі. Егін суаруға пайдаланылады. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы