Виола Линн Коллинз () (16.06.1977, Хьюстон, Техас, АҚШ) – американдық актриса.

Өмірбаяны Линн Коллинз мектепті бітірген соң, Джуллиард драма мектебіне оқуға түседі. Мектеп сахнасында, кейін театрда шекспирлік кейіпкерлердің рөлдерін сомдады: Нью-Йорк қаласында «Гамлетте» Офелияның; Лос Анжелесте «Ромео мен Джульетта» трагедиясында Джульеттаның рөлін ойнады. 2001 жылдан бастап «Заң мен тәртіп» атты телесериалының түсіріліміне қатысты. 2002 жылы бірінші рет үлкен және ауқымды «Ешқашан қайықтан түспе» фильмінде Лилидің рөлін сомдап шықты. 2006 жылы «Өзен маңындағы үй» атты фильмінде Монаның рөлін орындады. Сондай-ақ, актриса Шекспирдің «Венециялық көпес» пьесасында Портия рөлін сәтті ойнап, танымал болды.