Риони () – Грузиядағы өзен.
Гидрологиясы Ұзындығы 327 км, алабы 13400 км2. Аралас қоректенеді. Орташа су шығыны 405м3/сек. Жер суаруға пайдаланылады. Атырауынан жоғары 95 км-де кеме жүзеді.
Бастауы Үлкен Кавказдың бас немесе су айырық жоталарындағы мұздықтардан басталып, Кутаиси қаласына дейін бастапқыда тар шатқалмен ағады, содан кейін аңғары кеңіп, жазыққа шығар жерде қайтадан тарылады (осы тұста Гумат және Риони СЭС-тері салынған). Кутаисиден төмен қарай Риони батпақты Колхида ойпаты үстімен ирелеңдеп, бірнеше тармақтарға бөлініп, аралдар жасап ағады. Поти қаласы түбінде ірі 2 тармақпен Қара теңізге құяды. Риони аңғарымен Әскери-Осетин жолы өтеді. Жағалауында Они, Кутаиси, Поти қалалары орналасқан.Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 9-ші том.1976
Дереккөздер
Санат:Грузия өзендері