Сақал Керей — Орта жүз Ашамайлы Керейден тараған ру. Шежіре деректері бойынша Асан, Үсен, Сапар деген үш атаға бөлінеді. Окт. соц. революциясына дейін Петропавл у-н, Көлденең Есіл бойындағы жолдыөзек өңірін, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданындағы Қарақоға станциясын, "Қызылқорған" к-зын, Керей аулын, Омбы облысының Есілкөл ауданын мекендеген. Сақал Керей — егіншілікпен, аңшылықпен, қолөнермен, мал шаруашылығымен айналысқан.Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 9-том.1976
Дереккөздер