Алматы Арена — Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан.
Мұз сарайы: 12000 орындық мәнерлеп сырғанауға арналған. Бас арена және 475 орындық Керлингке арналған Кіші аренадан құралған.
Мұз сарайы 2017 Қысқы Универсиаданың ең үлкен спорттық нысаны.
Көп функциялы кешен Универсиада мұрасы ретінде Қазақстанның бастаушы спорттық ғимараттарының бірі болып, жылына 600 мың көрермен қабылдай алады.
Нысан мұз шабыны волейбол, баскетбол, мини-футбол тағы да басқа ойындар алаңына өзгертуге келетін болып жобаланған. Ауқымды концерттер өткізу үшін сахналық дыбыс пен жарық бойынша заманауи шешімдер ескерілген. Жабдықталған залдары, келіссөздер жүргізетін бөлмелері бар нысан конференциялар, форумдар және әртүрлі деңгейдегі көрмелер өткізуге өте ыңғайлы болып жобаланған.
Мұз айдыны кәсіпқой спортшылар үшін тұрақты жаттығу нысанына айналады. Сонымен қатар, мұз ареналарын пайдалануға барлық қалаушылардың мүмкіндігі болады (көпшілік сырғанаулар, әуесқой жарыстар өткізу, спорттық секциялар ұйымдастыру және басқалар).
Концерттер 2020 жылғы 8 наурызда Қайрат Нұртастың «Гравитация Хитмэна» концерті өтті 2026 жылғы 24 мамырда Қайрат Нұртастың жеке концерті өтті; кештің қонағы — Светлана Лобода, олар бірлесіп жаңа әнді орындады
Дереккөздер
Санат:Алматы спорт кешендері Санат:Қазақстан мұзайдыны сарайлары