Лигр () — арыстан мен жолбарыстың будандасуынан пайда болған жануар. Лигрдің ата-анасы пантераның бір түріне, бірақ әртүрлі типтеріне жатады. Олар ірі мысықтардың тұқымдасы.

Сыртқы бейнесі Лигрлердің көлемі үңгір арыстанындай болады. Лигрлер - ең үлкен мысықтар тұқымдасы. Қазіргі таңда ең үлкен лигр интерактивті паркте өмір сүреді. Оның есімі- Геркулес. Лигрлердің арыстандардан айырмашылығы олар суда жүзіп біледі және ұнатады.

Көлемі мен салмағы Лигрдің ұзындығы 4 метрден ұзын болады, ал салмағы 300 кг-дан асады (бұл кәдімгі арыстандардан үш есе көп). Ең ірі лигр (Геркулес) 400 кг салмақ иесі.

Санат:Жануарлар