Грейс Анна Гудхью Кулидж (; 3 қаңтар 1879 – 8 шілде 1957) – Америка Құрама Штаттарының президенті Калвин Кулидждің әйелі және 1923-1929 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Өмірбаяны Берлингтон, Вермонтта инженер-механик және кемелердің инспекторы Эндрю Иссаклер Гудхью (1848-1923) мен Лемира Баррет Гудхьюдың отбасында дүниеге келді. 1902 жылы Грейс  Вермонт университетін бітіреді. Сол жерде ол әйелдерге арналған «Пи-Бета-Фи» клубының негізін салушы әрі көшбасшысы болды. Кейін ол Нортгемптон, Массачусетстегі «керең-мылқауларға арналған Кларк мектебінің» факультетіне ерін арқылы оқитын инструктор ретінде қосылды.

1903 жылдың бір күнінде гүлдерді суарып жатқанда Грейс терезеден ішкі киімде және бас киімде қырынып жатқан Джон Кулиджді көреді. Аздаған уақыттан кейін олар танысады. Грейстің ширақтылығы мен көз татарлығы Кулидждің байсалдылығын толықтыратын. 1905 жылы жазда Кулидж оған ұсыныс жасады. Неке тойы 1905 жылы 4 қазанда өтті. 

Балалары Жұбайларда екі ұлы болды: Джон Кулидж (1906-2000) – теміржол компаниясының директоры. Келвин Кулидж (1908-1924)

Өмірінің соңы Грейс Кулидж 1957 жылы 8 шілдеде жетпіс сегіз жасында ұайтыс болды. Ол күйеуімен бірге Вермонтта көмілген.

Сілтемелер Grace Coolidge: First Lady of Baseball Wombats and Such: Family Pets of Grace and Calvin Coolidge Find-A-Grave profile for Grace Coolidge