Ренату Жуниор Луш Санчеш (; 1997 жылы 18 тамызда туған, Лиссабон, Португалия) — португалиялық футболшы, "Пари Сен-Жермен" футбол клубы мен Португалия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
2016 жылғы Еуропа Чемпионатының жеңімпазы. Өзінің ерекше шашына қарай "Жыртқыш" атты лақап атын иеленді. Еуроның ең жас жеңімпазы болып табылады.
Клубтық мансабы Ренату — өз туған қаласындағы "Бенфика" клубының тәрбиеленушісі. 2015 жылы 30 қазанда "Тонделаға" қарсы ойында Сангриш лигасында дебютті ойынды өткізді, 2 жартыда Жонаспен алмасты. 25 қарашада Чемпиондар Лигасында қазақстандық "Астанаға" қарсы, Ренату лиссабондық клуб үшін халықаралық деңгейді дебютті ойынды өткізді.
2016 жылы 10 мамырда мюнхендік "Бавариямен" бес жылдық келісім шартқа тұрды, трансфердің сомасы 35 миллион еуроны құрады. Санчеш бавариялық клубтың сатында алғашқы португалдық футболшы болды. 2016 жылы 9 қыркүйекте "Шальке 04" клубына қарсы "Бавария" сатында дебюттік ойынды өткізді.
Халықаралық мансабы 2014 жылы жасөспірімдік құраманың сатында Ренату Мальтада өткен жасөспірімдік Еуро чемпионатында ойнады. Ол жарыста Шотландия, Швейцария және Англияға қарсы ойындарға шықты. Шотландықтарға қарсы ойында Санчеш гол соқты.
2016 жылы 25 наурызда Болгария ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесуде Ренату Португалия ұлттық құрамасының сатында дебюттік ойынды өткізді.
Сол жылдың жазында Ренату Францияда өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы болды. Жарыста ол Исландия, Венгрия, Хорватия, Польша, Уэльс және Францияға қарсы ойындарда ойнады. Поляктарға қарсы Еуро 2016-ның ширек финалында алғашқы минуттардан бастап аланда ойнады. Ол Португалия ұлттық құрамасының тарихында бастапқы сатыда ойнаған ең жас футболшы болды(18 жас 316 күн). Сол кездесуде гол соғып, ойынның есебін теңестіріп, Португалияның келесі кезекке өтуіне көмектесті. Сонымен қатар Ренату Еуропалық үздіктің ең жас жеңімпазы болды.
Португалия сатындағы голдар # ДатаОрныҚарсыласНәтижеЕсепЖарыс12016 30 маусым Велодром, Марсель, Франция Польша 1:1 1:1 ЕУРО 2016
Жетістіктері
Командалық "Бенфика" (Лиссабон) Футбол бойынша Португалия чемпионаты — 2015/2016 Халықаралық
Португалия Еуропа Чемпионаты — 2016
Жеке Еуропа Чемпионатының ең үздік жас футболшысы — 2016 Golden Boy премиясының иегері — 2016
Сілтемелер «Бавария» ресми сайтындағы профилі
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Суонси Сити ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары