Әбдуллаһ әс-Саффах (; 722, Хүмайма — 10 маусым 754, Анбар) — Ислам халифатының 20-шы халифасы, мүміндер әмірі. Аббас әулетінен болған алғашқы халифа. Мұхаммед пайғамбардың көкесі болған Аббас ибн Әбділмүттәліптің шөпшегі және халифа Әл-Мансұрдың ағасы.
Өмірбаяны Умәйяларға қарсы хорасандық көтеріліс болған кезде әс-Саффах көтерілісбасы Әбу Мүсліммен жақсы қарым-қатынастар орнатты. Әс-Саффах Куфада өзін жаңа халифа деп жариялады. Шииттер халифат ретінде Әли ибн Әбу Талибтің ұрпағың көргісі келді, алайда әс-Саффах олай қаламады.
Өз әскерін мұсылман емес жауынгерлермен күшейтіп, өзіне қарсы шығатын және халиф деп мойындамайтындарға қарсы, яғни Умәйяларға, шииттерге, тіпті кейбір хорасандық көсемдерге соғыс ашты. Сондықтан оған "әс-Саффах" ("қанды қасапшы") деп лақап ат қойылды. Өзінің елордасы болған Анбар қаласында (қазіргі Ирак аймағында) шешек ауруынан қайтыс болды. Оның орнына халифатты келесі сегіз ғасыр бойы інісі Әл-Мансұр мен оның ұрпақтары биледі.
Санат:Аббас әулетінің халифтері Санат:Ирактық Аббасилердің халифалары