Киелі Бехнам (арам. ܡܪܝ ܒܗܢܡ), сондай-ақ Мар Бехнам, киелі азап шегуші. Сириялық христиандар мен Копсткой шіркеуі де құрметтейтін жан.
Өмірбаяны Әулие Бехнам IV ғасырда Ассирий патшасы Синхарибтың отбасында дүниеге келген. Әкесі киелі сиқыршы деседі. Бехнам әкесі секілді зороастрийлік болған.
Аңыз бойынша, күндердің бір күні ханзада Бехнам 40 қызметшілерімен аңшылыққа шығады, алайда бір белгісіз себептермен жалғыз қалып қалады. Кейбір дереккөздерде періште туралы айтылады, ол келіп алыс емес жердегі дуана Әулие Матфейді (Мар Матта). Басқа нұсқалар бойынша Бехнам аңшылықта адасып кетіп, таулар арасында еремит тұратын жерде түнеуге тура келеді. Ханзада дуанамен кездесіп, дуана христиандық туралы айтады. Ханзада Мар Маттаның сөздеріне дәлел сұрап, егер әпкесі Сараны проказа ауруынан жазып берсе, сол дінге берілетінін айтады.
Келесі күні Бехнам дуанаға әпкесін алып келеді. Мар Матта Сараны бұлақта шоқындырады (крестит). Сумен шайынған соң шоқындыру кезінде Бехнам әпкесі жазылып кетеді. Бұл ғажап жазылуға қарап, ханзада өзінің 40 қызметшісімен шоқындырылады.
Шоқындыру туралы естіген патша өз балаларын айнытуды мақсат етеді. Синхариб баласы және ханзада Бехнамға тілдік құдайларға құрбандық шал дегенде, ханзада басын бұрады. Бехнам мен Сараның өжеттілігіне байқап, патша оларды дарға асуға бұйрық беріледі. Осы жарлық туралы естіген қызметшілер мен ханзада және Сара тауға қашады, қуғыншылар оларға жетіп алып, Нумруд қаласынан алыс ұзамай қырып салады. Бехнам ханзада және Сара ата-анасының қателігін құдай кешірсін және дұрыс жолға салсын деген дұғамен қайтыс болады.
Өлім жазасынан кейін патшаның өзі дәл сол аурумен ауырып есі адасады. Ал әйеліне аян келеді, аянда оны Мар Маттаға апаруы керектігі айтылады. Періште бұйрығын орындаған соң, патша жазылып шоқындырылады. Ал басқа нұсқаларда патшаны балаларын өлтіргендерге апарғанда жазылған дейді.
Бехнамның қайтыс болған жерінде кесенемен «Мар Бехнам» атты ғибадатхана құрылады. Синхариб ғибадатхананы дуана үшін жасайды.
Әулие Бехнам жайлы алғашқы аңыздар VII ғасырдың соңы, VIII ғасыр басына жатады. Аңыз мәтіні анахронизмдерге бай.
Құрметтеу Басты әулиет, киелі кесенесі Ирактағы Мар Бехнам ғибадатханасында орналасқан. Көптеген шіркеулеп соларға арналған Сирия, Египет және т.б. елдерде кездеседі.
Әулие Бехнама және оның қарындасы Сараны 10 желтоқсанда еске алады.
Санат:Ирак