Назар тамы – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші тізіміне енген, ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 6 км жерде.
Кесене сипаты Сегіз қырлы етіп салынған мазар, шикі кірпіштен өріліп, сырты күйдірілген кірпіштен қапталған, күмбезделіп салынған. Ішкі беті саз балшықпен сыланып, ақталған. Биіктігі 4 м болатын Назар тамының қабырғаларында қызыл бояумен жазылған арабша таңбалар бар."Ырғыз" энциклопедиясы. - Алматы, 2010. - 440 бет
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері