Вахтанг Константинович Кикабидзе (), немесе Буба Кикабидзе ретінде белгілі (; 19 шілде 1938 жыл, Тбилиси – 15 қаңтар 2023 жыл, Тбилиси) — кеңестік және грузиялық әнші, ән авторы, актёр, кинорежиссёр, сценарист, саясаткер, Грузин КСР халық әртісі (1980), Украинаның еңбек сіңірген әртісі (2013), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978), Грузия парламенті VII шақырылымының депутаты (2020–2023).

Өмірбаяны

Вахтанг Кикабидзе 1938 жылғы 19 шілдеде Тбилисиде дүниеге келген. Грузияның халық әртісі. Орыс және грузин тілінде бірнеше ән авторы әрі орындаушысы, солардың арасында — «Мои года» («Жылдарым»). Кикабидзенің режиссерлік жұмыстары — «Будь здоров, дорогой» («Аман болшы, қадірлім», 1981) және «Мужчины и все остальные» («Еркектер мен қалғандар», 1985).

Дереккөздер

Санат:Грузия саясаткерлері Санат:Грузия депутаттары Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Достық орденінің (Ресей) иегерлері