Карась — КСРО Қорғаныс министрлігінің 11-мемлекеттік ғылыми-зерттеу және сынақ полигонына қарасты әскери әуеайлақ (қазіргі уақытта қараусыз қалған). Ол Қазақстанның Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы аумағында, Жем қаласынан (бұрынғы Эмба-5 әскери қалашығы) оңтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан.
Карась әуеайлағы 1-сыныпты аэродром болған және әуе кемелерінің көпшілік түрлерін қабылдай алатын.
Аэродром 1960-жылдардың ортасында салынды. Мұнда аралас авиациялық полк орналастырылды. Полигон таратылғаннан кейін (полигонда қызмет еткен ресейлік әскери қызметшілер Ресей аумағына көшірілді) 1999 жылы аэродром қараусыз қалып, тоналды және іс жүзінде пайдаланылмайтын болды.
2010 жылғы жағдай бойынша аэродромдағы ғимараттар мен құрылыстардың басым бөлігі бұзылған. Ұшу-қону жолағы тасқын суларынан зақымданған. Бұл зақымдар аэродромды одан әрі пайдалануды мүмкін емес етеді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әуежайлары Санат:Ақтөбе облысы әуежайлары