Сәрсенбек Әлиакбарұлы Монтаев (15 желтоқсан 1959 жыл, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ы. Жақаев атындағы ауыл) — қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999). Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (2001). ҚР-ның құрметті құрылысшысы (2023), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009). Стэнфорд университеті (АҚШ) сарапшыларының бағалауы бойынша әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2% рейтингіне (World's Top 2% Scientists) енген.
Өмірбаяны 1983 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (қазіргі М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) бітірген.
Еңбек жолы 1991—2005 жж. — Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлік институтында (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, факультет деканы қызметтерін атқарды. 2005—2013 жж. — Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің факультет деканы. 2013—2020 жж. — Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Ғылыми-зерттеу институтының директоры. 2020 жылдан бастап — аталмыш университетте Индустриялық-технологиялық институтының директоры.
Ғылыми қызметі Негізгі ғылыми бағыты — Қазақстанның табиғи және техногендік шикізатын өңдеу негізінде көп функционалды композиттік материалдарды алудың ресурс және энергия үнемдейтін технологияларын жасау; «Жасыл құрылыс» және ғимараттар мен құрылыстардың энергия тиімділігін арттыру бойынша технологиялық шешімдерді әзірлеу.
Сәрсенбек Монтаев 5 инновациялық жобаға ғылыми жетекшілік еткен. Ғалымның Хирш индексі — 15-ке тең. Ол — 130-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде Scopus және Web of Science деректер базасындағы 20-дан астам мақаланың, 3 монографияның және 10-нан астам инновациялық патенттің авторы. Ғылыми мектеп қалыптастырып, 5 ғылым кандидатын және 3 PhD докторын дайындаған.Қазақ энциклопедиясы
Марапаттары ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009) Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы (2023) Парасат ордені (2026)СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. ISBN 978-601-7059-54-5
Дереккөздер
Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:Профессорлар