Айыртау – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы тау.
Жер бедері Абсолютiк биіктігі 1003 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа созылып жатқан таудың ұзындығы 8 км, енді жері 4 км. Бөктерінен Ұлан және Дресвянка өзендерінің салалары бастау алады. Батысында аумағы шағын келген Айыр көлі жатыр.
Геологиялық құрылымы Палеозой жыныстарынан түзілген таудың беткейлері тік жартасты келген.
Өсімдігі Беткейінің қызғылт қоңыр, қара топырағында астық тұқымдас шөптесіндер, қарағай, терек аралас орман өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы таулары