Ойраншөп, амброзия () – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда егістіктерде, жол бойларында, қоқыс жерлерде өсетін 1 түрі – жуанжапырақты ойраншөп (A artemіsііfolіa) бар. Биіктігі 20 – 150 см. Сабақтары тік, жоғарғы жағы сыпыртқы тәрізді бұтақталып келген. Жапырақтары қауырсын тілімді, жоғарғы жағында кезектесіп, төменгі бөлігінде қарама-қарсы орналасады. Түтік тәрізді гүлдері ашық сары түсті, оның ұзындығы 2 мм-дей. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Тұқымы қоңыр не қара түсті, қылтанақтары болады. ‘’Ойраншөп’’ – карантиндік арам шөп, сондықтан олар егістікке көп зиян келтіреді.Қазақ энциклопедиясы 7- том
Ішкі сілтемелер Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізімі
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер