Батырхан Абайұлы Мəліков (ALEM, 18 ақпан 1993 жыл, Үшқұдық, Өзбекстан) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі және Қазақстан Дауысы жобасының финалисі, X фактор жобасының жартылай финалисі ретінде белгілі.

Өмірбаяны Мəліков 1993 жылғы 18 ақпанда Өзбекстандағы Науаи облысының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, ағасы мен қарындасы бар. Отбасы Қазақстанның Қостанай қаласында тұрады.

Балалық шағы 2002 жылы Мәліков отбасымен Қостанай қаласына көшіп келеді. Ол — жанұясында ортаншы бала, ағасы мен қарындасы бар.

Мектеп қабырғасында Мәліков тілалғыш балалардың қатарында болған. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы әрдайым жақсы болатын. Әнге деген сүйіспеншілігі ерте оянған ол, мектеп ішінде, қалалық және облыстық іс-шараларда кішкентай кезінен-ақ сахналарды бағындырады. «Алғаш рет жергілікті Айгөлек байқауына Түлкібек Рысмағамбетов есімді ұстаз әкелді», – деген Мәліков.

Бүлдіршіндер арасындағы шығармашылықты дамыту мақсатында Қостанай әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған көптеген байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүреді.

Мәліков вокал студияларындағы тәлім алушы болып жиі жарыстарға қатысып, жастайынан бері бәсекелестікке дайын болып өседі.

13 жасында Мәліков алғаш рет ұшаққа мініп, басқа елдердегі сайыстарға қатыса бастайды. Шет елдегі әншілік тәжірибесі Барселона қаласында өткен 10 күндік байқаудан бастау алады. Жергілікті мәдениетті Еуропамен салыстыра келе, Қазақстанда балалар айтуға болатын әндердің тапшы екендігін айтты. Әр елдің балалары түрлі жанрдағы жан-жақты әндер орындады.

Байқаудан байқауға қатысқан Мәліков әкесінің дәрігер мамандығына балалық қызығушылығына мән бермей, арманым — әртіс болу деді.

Мəліков 11-сыныпты тәмамдап, Жүргенов атындағы өнер академиясын көздейді.

Алайда жолы болмай, көрші Ресейге білім іздеп кетеді. Байқаулардың бірінен Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясына грант жеңіп алып, музыка-педагогикалық факультетінің эстрадалық-джаз вокал бөліміне түседі.http://juzent.com/#/artists/1526822812192/1526841091951

Шығармашылық жолы Оқу аяқтаған соң Алматыға оралатынын біліп жүрген Мəліков, Қазақстандағы ән жобаларының кастингтерінен қалмауға тырысады. «X фактор» сайысының 2-маусымда жартылай финалға дейін жетіп, күшін тағы да 3-маусымда сынауды жөн көреді. Жобаларды ұйымдастырушы компания бір болғандықтан, Мəліковті Қазақстан Дауысы атты байқауға ауыстырады.

Жарыс барысында болашақ жұлдыз Медеу Арынбаевтың тобында өнер көрсетіп жүреді. Алайда продюсердің жоспарлары Мəліковтің көздеген мақсаттарымен сәйкес келмеді. Қазақстан Дауысы жобасында көптің ішінен жас талантты қазіргі продюсері Асыл Беделхан байқап, болашақта құрылмақ топтың құрамына шақырады. 2014 жылғы қаңтарда Мәліков алғаш рет көзқарасын сәйкес деп тапқан болашақ продюсері Ерболат Беделханның қол астына өтеді.

K-Top Idols реалити-шоуы енді бастауын алар сәтте, Мəліков музыкалық академиядағы соңғы жылын аяқтау мақсатында оқуға кетіп қалады. Елге оралуымен, жобаның 2 жеңімпазы — топтың 2 рэпері анықталып қойған еді. Соған қарамастан, тағы бір жабық кастинг жасалып, соның нәтижесінде Мәліков топқа үшінші мембер болып қосылады.

Музыка Мəліков классикалық бағытта ария және опералар орындап жүрді. Сонда да шоу бизнес оны поп саласына әкелетіндігін білді. Опералық әншіліктен попқа көшкендегі негізгі қиындық дыбыстарды жұмсағырақ айту болатын. Дегенмен, попса деген ұғымның нақты бір позициясы жоқ болғандықтан, тембральды ән жеткізуді өзгертіп тұруға тырысады.

Топтағы шығарылып жатқан әндерде әрбір топ мүшесі өзіндік үлесін қосуда. Кейде партияларын әркім бөліп алып, өзіне ыңғайландырып жазып тастайтын кездер де болады.

«Mooz» әні өмірге келгенде оның халық аузында жүретін әнге айналатындығын ешкім күтпеген. «Ән жазарда оның хит болатынын немесе болмайтынын болжап біле алмайсың» деп бөліскен әнші.

1 жыл жатқан музыкаға не туралы ән жазатындығын жігіттер ұзақ ойланған. «Әлемде бейбітшілік болғанын қалаймыз» деген серпілісті жеткізу мақсатында сөздерін 2 апта қалғанда жаза бастайды.

Дәл осылай Қазақстандағы ең әйгілі әндердің бірі пайда болды дегенге Alem-нің өзі де таңғалуда. Топ мүшелері музыкалық продюсерлерден келген биттерді тыңдап, одан әсер алады, көз алдына белгілі бір көріністерді елестетеді.

Мəліковтің ойынша, халықтың жүрегіне жететін ән жазу үшін, ең алдымен, сол сәтті, сол көріністі тұла бойыңмен сезіну керек.

Білімі Ресейдегі Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған.

Қазақстан Дауысы Мəліков Қазақстандағы ең ауқымды Қазақстан Дауысы республикалық деңгейдегі вокалды телевизиялық шоу жобасының 1 маусымының финалисті. Мəліков жобаның «Көрмей тыңдау» кезеңінде The Mamas & the Papas тобының репертуарындағы «Dream a Little Dream of Me» әнін орындады. Төрт тәлімгердің ішінен Медеу Арынбаев пен Алмас Кішкенбаев бұрылады, таңдау Мəліковке түсіп, ол Медеу Арынбаевты таңдайды.

Қазақстандық байқаулардан өзге Барселонада (Испания), Берлинде (Германия), Ресейде өткен халықаралық конкурстардың лауреаты.

Ninety One

Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының вокалисті. Топқа BALA-мен бірге JUZ Entertainment агенттігі жүргізген кастинг арқылы қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылғы 1 қыркүйекте алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.

Фильмографиясы ЖылАтауыКейіпкер2017Қағаз кеме Ерден2017Ninety oneБатырхан201891 TV Батырхан

Дереккөздер

Санат:Ninety One Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан музыканттары