«Көршілер 2: Қыздар бірлестігінің ылаңы» () — американдық кино комедия, режиссёр Николас Столлер фильмі. 2014 жылғы бірінші фильмнің сиквелі. Басты рөлдерді Сет Роген, Зак Эфрон, Роуз Бирн және Хлоя Грейс Морец сомдады. Фильмнің премьерасы 26 сәуір 2016 күні, ал Қазақстанда 23 маусым 2016 болып өтті. MPAA рейтинг системасы бойынша фильм «R» (''17 жасқа толмаған балаларға ата-анасы немесе ересектерсіз көруге болмайды) бағаны алды.

Суреттеме Мак пен Келли тұратын үйдің жанына бұл жолы университеттің қыздар клубы орналасады. Тыныштық бермейтін жаңа көршілерден құтылу үшін, ерлі-зайыптылар бұрынғы жауы - Тедди Сандерстің көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Дереккөздер