Қызылсу — Маңғыстау облысы Қарақия ауданы, Бостан ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылдың 30 мамырында облыстық мәслихат шешімімен таратылдыМаңғыстау облысы Қарақия ауданының бірқатар елді мекендерін тарату туралы.
Географиялық орналасуы Аудан орталығы Құрық ауылынан шығысқа қарай 195 км, округ орталығы Бостан ауылынан 45 км жерде, Түйесу құмының солтүстік жиегінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 254 адам (130 ер адам және 124 әйел адам) болса, 2009 жылы 57 адамды (24 ер адам және 33 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Инфрақұрылымы Ауыл қаракөл қойын өсіретін Ералиев атындағы кеңшар бөлімшесінің орталығы болып келген. Оның негізінде Қызылсуда шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда бастауыш мектеп, кітапхана, медициналық пункт бар.
Дереккөздер
Санат:Қарақия ауданының таратылған елді мекендері