I Әбділхамит (; 20 наурыз 1725 — 7 сәуір 1789) — Османлы мемлекетінің 27-ші сұлтаны, Ислам халифатының 92-шы халифі.

Өмірбаяны нобай|солға|250px|I Әбділхамит суреті

I Әбділхамит 1725 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны III Ахмет шаңырағында дүниеге келді. Ол өте тақуа жан болды. Оның тұсында Османлы мемлекетінің қаржылық жағдайының төмендігі сонша — жаңа шеріктерге кәдімгі жалақыны төлеуге ақша жетпеді.

Ресейге қарсы соғыс Козлуджа шайқасындағы жеңіліспен және Кішіқайнарша бітім шартымен аяқталды. 1774 жылдың 21 шілдесінде жасалған бұл бітім шарт бойынша Ресей Қара теңізде өзінің флотын құруға құқық алды. Османлылардың артта қалуы сұлтанды әкімшілік және әскери жаңартпалар жасауға мәжбүрлетті.

Сирия мен Мореядағы көтерілістерді басу сәтті өтті. Алайда 1783 жылы Қырым хандығы Ресейге құрамына тұтастай кірді. Османлылар жаңа соғыс мүлдем дайын болмады, бірақ қоғамдық пікір әсерінен сұлтан ресейліктерге соғыс ашуға мәжбүр болды. 1787 жылы Ресеймен жаңа соғыс басталды, ал 1788 жылы соғысқа Аустрия қосылды. Аустриялық патша II Иосиф Ресей патшайымы II Екатеринаның жағында болды, және патшайымның Қырымға салтанатты кіруіне көмектесті. 1788 жылы Очаков Ресейге өтті.

Ажалы 1789 жылдың 7 сәуірінде I Әбділхамит инсульттен қайтыс болды. Мәйіті I Әбділхамит мазарында жерленді.

Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 176 Ізетті Мехмет паша 21 қаңтар 1774 — 7 маусым 1775 1 жыл 5 ай 177 Жалықшызада Дәруіш Мехмет паша 7 маусым 1775 — 5 қаңтар 1777 1 жыл 7 ай 178 Даренделі Шебешізада Мехмет паша 5 қаңтар 1777 — 1 қыркүйек 1778 1 жыл 8 ай 179 Қалапат Мехмет паша 1 қыркүйек 1778 — 22 тамыз 1779 11 ай 180 Силахдар Қарауәзір Сейіт Мехмет паша 22 тамыз 1779 — 20 ақпан 1781 1 жыл 6 ай 181 Ізетті Мехмет паша 20 ақпан 1781 — 25 тамыз 1782 1 жыл 6 ай 182 Жеген Сейіт Мехмет паша 25 тамыз 1782 — 31 желтоқсан 1782 4 ай 183 Халил Хамит паша 31 желтоқсан 1782 — 30 сәуір 1785 2 жыл 4 ай 184 Қазынадар Шаһин Әли паша 30 сәуір 1785 — 25 қаңтар 1786 9 ай 185 Қожа Жүсіп паша 25 қаңтар 1786 — 7 сәуір 1789 3 жыл 3 ай

Санат:20 наурызда туғандар Санат:7 сәуірде қайтыс болғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары