Мәлік Жаппасбаев (1914, қазіргі Сырдария ауданы– 1944) – сазгер, күйші, домбырашы, дирижер. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Бала кезінен домбыра тартып, ел арасына танымал болған. 1935 ж. Жаппасбаев Қазақ халық аспаптары оркестріне (1944 жылдан Құрманғазы атындындағы) концертмейстер қызметіне шақырылған. Сол қызметімен бірге Алматы филармониясында домбырашы, дирижер міндеттерін атқарған. Жаппасбаев шертпе күйлердің шебер орындаушысы ретінде халық жадында қалды. Ол өз жанынан «Қарағанды туралы ән», «Сәлем», «Жастық жыры», «Сұлу қыз», т.б. әндерін шығарған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан дирижерлері Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Күйшілер Санат:1914 жылы туғандар Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Домбырашылар