Томарлы — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Атырау қаласының солтүстік-шығыс іргесінде орналасқан.

Халқы 1989 жылы елді мекенде 2657 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 3050 адам (1503 ер адам және 1547 әйел адам) болса, 2009 жылы 5036 адамды (2494 ер адам және 2542 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 18879 адамды (9468 ер адам және 9411 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Қ. Смағұлов атындағы орта мектебі №39 орта мектеп — 2019 жылы қыркүйек айында Жұлдыз ықшам ауданынан 624 орындық мектеп болып ашылған. «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы «Шағала» бөбекжай-балабақшасы Спорт кешені

Діни ұйымдар «Анашым» мешіті — 2021 жылы 27 желтоқсанда ашылған. Мешіттің сыйымдылығы 500 адамға арналған.Атырау қаласында 500 адамдық жаңа мешіт ашылды «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» мешіті — 2010 жылы Жұлдыз-1 ықшам ауданында салынған. Жалпы ауданы 310 шаршы метр. Үлкен залдың аумағы 288 шаршы метр, әйелдер намаз оқитын бөлменің көлемі 12 шаршы метр, имамның қызметтік бөлмесінің ауданы 10 шаршы метр. Қабырғасының биіктігі 5,5 метр, мұнараның биіктігі 16 метр, Күмбезінің биіктігі 9 метр.https://www.muftyat.kz/kk/mosque/3173/ «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» мешіті

Ауыл суреттері Томарлы ауылы Томарлы ауылы Томарлы ауылы. Мәдениет үйі орта|200px| орта|230px| орта|200px| Томарлы ауылы Томарлы ауылы Томарлы стадионы орта|200px| орта|230px| орта|200px|

Дереккөздер

Санат:Атырау қалалық әкімдігі елді мекендері