Бәйгетөбе — Атырау облысы Мақат ауданындағы ауыл, Бәйгетөбе ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Мақат кентінің оңтүстік іргесінде орналасқан. Екі ауыл теміржол арқылы бөлінген.

Тарихы Ауыл 2013 жылғы Мақат кентінің бір бөлігінен құрылдыАтырау облысының Мақат ауданында Бәйгетөбе ауылын және Бәйгетөбе ауылдық округін құру туралы.

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1577 адамды (815 ер адам және 762 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Инфрақұрылымы Ауылда 424 орындық орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана бар.

Дереккөздер

Санат:Мақат ауданы елді мекендері