Құрылыс — Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы ауыл, Қызылжар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Ырғыз ауылынан батысқа қарай 36 км-дей жерде, Ырғыз өзенінің оң жағалық аңғарында.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1281 адам (684 ер адам және 597 әйел адам) болса, 2009 жылы 1024 адамды (509 ер адам және 515 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 888 адамды (479 ер адам және 409 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Ауыл 1957 — 97 жылдары Калинин атындағы қой өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Құрылыста 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том.
Дереккөздер
Санат:Ырғыз ауданы елді мекендері