Болатхан Қазыханұлы Заядан - биология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі. Биология​ және биотехнология факультетінің деканы.

Заядан Болатхан Қазыханұлы (08 маусым 1961 жылы туған, МХР) – биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2020). 1979 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Ұлан-Батор қаласындағы Моңғол ұлттық университетінің жаратылыстану факультетіне оқуға түсті. Университетте оқуын аяқтағаннан кейін, 1984 жылдан бастап Моңғолия Ғылым Академиясының (МҒА) Жалпы биология институтының микробиология лабораториясында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1986 жылдан МҒА Биотехнология институтының микробиологиялық синтез лабораториясының аға ғылыми қызметкері ретінде жұмыс жасады.

1989-1990 жж. – КСРО Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы институтында стажер-зерттеуші (Мәскеу қ.). 1990-1992 жж. Ленинград мемлекеттік университеті Биотехнологиялық орталығының стажер-зерттеушісі, содан кейін Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің генетика және селекция кафедрасының аспиранты.

1996 жылдан бастап, "Норфулорозанға төзімді Chlamydomonas reinhardtii мутантты штаммдарының генетикалық талдауы" тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін, СПбМУ биология ҒЗИ аға ғылыми қызметкері ретінде ғылыми жұмысын жалғастырды.

2006 жылы "Су экожүйелерінің мониторингінде, функциялануында және ремедиациялауда фототрофты микроорганизмдердің рөлі" тақырыбы бойынша экология – 03.00.16, микробиология – 03.00.07 мамандықтары бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 2003 жылы оған "доцент" және 2007 жылы "профессор" ғылыми атағы берілді, 2017 жылы ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі және 2020 жылы ҚР ҰҒА академигі болып тағайындалды.

2001 жылдан бері – әл - Фараби атындағы ҚазҰУ микробиология кафедрасының доценті, 2007 жылдан – микробиология кафедрасының профессоры, 2011-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының меңгерушісі.  2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің деканы.

Қазақстанда алғаш рет Б.К. Заядан басшылығымен әл-Фарабидің атындағы ҚазҰУ-да фотобиотехнология зертханасы құрылды, оның базасында микробалдырлар мен цианобактериялардың молекулярлық-генетикалық таксономиясы, микробалдырлар биологиясы мен экологиясы, фототрофты микроорганизмдердің физиологиясы, биохимиясы және биотехнологиясы бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Б.К. Заядан бастамасымен АҚШ, Жапония, ҚХР, Польша, Ресей, Чехия және Ұлыбританияның ірі ғылыми орталықтарымен бірлескен зерттеулер белсенді жүргізілуде. Оның К. А. Тимирязева атындағы Өсімдіктер физиологиясы институты РҒА (Мәскеу) Жасушаішілік реттеудің молекулалық негіздері лабораториясымен бірге жұмысының нәтижесінде алғаш рет цианобактериялар штаммдарының геномдары секвенирленді, липидтердің, май қышқылдарының және токсиндердің биосинтезін зерттеуге бағытталған зерттеулер жүргізілді.

Оның ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері беделді шетелдік библиографиялық деректер базасында (Scopus және Web of Science) көрініс табуда. Ол алыс және жақын шетелде және Қазақстанда 400-ден астам жарияланым жариялады, оның ішінде 16 кітап және 6 монография, сондай-ақ "Фототрофты микроорганизмдердің экобиотехнологиясы" 2011, 380б., "Biomonitoring water ecosystems based on microalgae", 2015, 251б., "Цианобактериялар – биодизель  алудың әлеуетті продуценттері", 2020 ж., 201 б. сияқты монографиялары бар, оқулықтары: "Экологиялық биотехнология" 2014, 314б., "Basics of Biotechnology", 2019, "Фототрофты микроорганизмдер биотехнологиясы", 2020, 341б. Ол 21 патенттің иесі, олардың ішінде 17.03.2016-дан №2015/0451.2  "Фототрофты микроорганизмдер консорциумын криосақтау тәсіліне"; " Биоотын өндірісі үшін шикізат ретінде Cyanobacterium sp. IPPAS-1200 штаммына" пайдалы модельге патенттері бар.

Заядан Б.К. қызметінің бағыты тек Қазақстанда ғана емес , шетелде де басым болып есептелетін "Фототрофты микроорганизмдер, олардың биотехнологияда және биоэнергетикада қолданылуы" ғылыми мектебінің негізін қалаушы болып табылады. Оның жетекшілігімен 6 кандидаттық, 9 PhD докторлық диссертация қорғалды.

Сонымен қатар, келесідей марапаттары мен атақтары бар: "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі (2016); ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (2018); ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2019); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің "Ерен еңбегі үшін" медалі (2019); «әл-Фарабидің үлкен күміс медалі» (2021); Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалі (2021); "Қазақ аграрлық университетіне 90 жыл" мерейтойлық медалі (2021); «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері (2008ж., 2018 ж.).

Web of Science Core Collection деректері бойынша, "Жасыл энергетика" саласындағы қазақстандық ғалымдар арасында жоғары дәйексөз келтіргені үшін ҚР БҒМ дипломымен; Springer Nature баспасының журналдарында жариялау белсенділігінің жоғары көрсеткіштері үшін сертификатпен (2017); "Top Researcher in Engineering and Technology" номинациясында Scopus Award-2019 дипломымен (2019) марапатталған. Соңғы 5 жылдағы мақалаларының дәйексөздерінің саны-540, h-index-12. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Биология және биотехнология факультетін басқара отырып, Б.К. Заядан еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыруға және олардың жоғары білім деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үлкен жұмысты жүзеге асыруда.

Өмірбаяны. 1984 жылы Ұланбатыр қаласындағы Монғолия мемлектеттік университеті табиғаттану факультетін "Биофизика" және «Биологиядан оқытушы» мамандығы бойынша үздік бітіріп, Монғолия Ұлттық Ғылым Академиясы (МҰҒА) Жалпы биологиялық зерттеулер институтының микробиология лабораториясында кіші ғылыми қызыметкері,

1988 жылы МҰҒА Биотехнология институтның Микробиологиялық синтез лаборториясында ғылыми қызыметкері болып істеді.

1989-1990 жылдары Москва қаласындағы К.А. Тимирязев атындағы «Өсімдіктер физиологиясы институтының альгология лабораториясында» стажер-зерттеуші,

1990-1992 ж. Ленинград Мемлекттік университетінің Биотехнологиялық орталығында «Фотобиотехнология» ғылыми бағыты бойынша стажер-зерттеуші,

1993-1996 ж.ж. Санкт-Петербург университетінің генетика және селекция кафедрасында аспирантурада оқып, 1996 ж. осы кафедрада 03.00.15 - генетика мамандығы бойынша «Генетический анализ мутантов Chlamydomonas reinhardtti, устойчивых к норфлуразону» тақырыбында қорғап, биология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болды.

1996-1997 ж. Санкт-Петербург университеті Биологиялық Ғылыми зерттеу институтының микроорганизмдер генетикасы лабораториясының аға ғылыми қызыметкері,

1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің экология кафедрасы доценті қызымет атқарды. 2000 жылы Үндістанның Хайдарабат, Дели қалаларында 3 ай сынақ мерзімін өткізді.

2001 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің микробиология кафедрасының доценті, 2002 жылы осы университетте докторантурада оқыды және дәріс берді. 2003 жылы ҚР БҒМ ЖАК шешімен бойынша "доцент" ғылыми атағы берілді.

2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің микробиология кафедрасының профессоры болып істейді.

Осы аталған кафедрада 2009-2015 жылдар аралығында кафедра жетекшісі қызметін атқарған.

2006 жылы 03.00.16 - экология; 03.00.07 - микробиология мамандықтары бойынша «Роль фототрофных микроорганизмов мониторинге, функционировании и ремедиации водных экосистем» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. ҚР БҒМ БҒ саласындағы ҚА комитетінің 2008 жылы 30 мамырдағы шешімімен «профессор» ғылыми атағы берілді.

Заядан Б.К. бакалавр студенттер, магистранттар, аспиранттар және PhD-докторанттарға дәріс оқумен бірге олардың бітіру жұмыстарына жетекшілік жүргізеді. Оның жетекшілігімен Қазақстанда 4 кандидаттық диссертация, 10 магистрлік диссертация дайындалып қорғалынды.

Ғылыми зерттеу нәтижелерінде алыс, жақын шет елдер және Қазақстанда 150 -дей ғылыми жұмыстар, 3 авторлық куәлік және 2 оқу құралы жарық көрді. Ол алғаш Қазақстан Республикасында фототрофты микроорганизмдер фотобиотехнология лабораториясын ұйымдастырып, ғылыми зерттеулер жүргізуде. Заядан Б.К., Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің қаржыландыратын іргелі ғылыми бағдарламалар мен халықаралық жобалардың жетекшісі.

Заядан Б.К., халықаралық конференциялар мен ғылыми семинарларға қатысумен қатар (Урумчи 2003ж, Сянь, Санкт-Петербург 2004ж, Стамбул 2008ж) Қытай, Германия, Ресей, Түркия, Монғолия және Үндістан ғылыми лабораторияларымен тығыз байланыста біріккен ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Ғылыми-зерттеу, ғылыми-ұйымдастыру және оқытушылық қызметіне қосқан үлесі үшін Б.Қ. Заяданға «әл-Фараби атныдағы ҚазҰУ -дың ең үздік оқытушысы» жеңімпазы және Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 2008 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілді.

Екі ұл және бір қыз тәрбиелеп өсірді. Осы ұл-қыздарынан 4 немере сүйіп отыр.

2015 жылдан бері ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің деканы қызметін абыроймен атқарып келеді.

Екі ұл және бір қыз тәрбиелеп өсірді. Осы ұл-қыздарынан 4 немере сүйіп отыр.

Ғылыми жарияланымдар Кітаптар, монографиялар Экологическая Биотехнология Фототрофных Микроорганизмов // Арыс 2011г. ISBN 9786012910469 368стр. ҚАЗАҚСТАН [Файл:Экологическая Биотехнология.Pdf] Экологиялық Биотехнология // Изд-Во "Литер" 2013г. ISBN 978-601-80182-3-7 315стр. ҚАЗАҚСТАН [Файл:Экологиялық Биотехнология.Pdf] "Тағам Биотехнологиясы" // Оқулық .-Алматы: Қазақ Университеті 2013г. ISBN 978-601-247-806-8 334стр. ҚАЗАҚСТАН [Файл:Тағам Биотехнологиясы.Pdf] ) Экологиялық Биотехнология // " Қазақ Университеті " 2014г. ISBN 978-601-04-0316-1 316стр. ҚАЗАҚСТАН [Файл:Экологиялық Биотехнология-2014.Pdf] Акмуханова Н.Р., Садвакасова А.К. Коллекция Микроводорослей И Методы Их Культивирования // Литер 2013г. ISBN 978-601-247-946-1 158стр. ҚАЗАҚСТАН [Файл:Коллекция Микроводорослей.Pdf] Фототрофты Микроорганизмдер Биотехнологиясы // Павлодар 2010г. ISBN 9965-842-23-Х 432стр. ҚАЗАҚСТАН [Файл:Фототрофты Микро Биотех.Pdf] Ғылыми мақалалар Влияние Наночастиц Серебра И Золота На Параметры Флуоресценции Хлорофилла Мутантов Зеленой Микроводоросли Chlamydomonas Reinhardtii Dang // Хабаршы Вестник КазНУ, Серия Биологическая,№4 (56), Часть 1, 2012, С. 267-269 2012 1- Том, №4, 267 - 269 Стр., 3 - Стр. [Аннотация:Annotation158.Docx] [Файл:ОТЧЕТ Заядан 2011-2012 (Автосохраненный).Docx] Изучение Влияния Углеродных Нанотрубок На Фотосинтез Микроводорослей Chlamydomonas Reinhardtii С Использованием Флуориметра М-РЕА2.// Естественные И Технические Науки. // "Вестник " 2012 1- Том, №4, 59 - 61 Стр., 3 - Стр. Изучение Альгофлоры Рисовых Полей Шиелийского Района Кызылординский Области И Выделение Бактериологически Чистых Культур Микроводорослей И Цианобактерий // Вестник КазНУ. Серия Биологическая 2012 1- Том, №4, 190 - 194 Стр., 5 - Стр. Зеренді Көлінен Алынған Су Үлгілеріне Chorella Sp-3k Штамын Өсіру Арқылы Биотест Жүргізген Нәтижелер // Вестник КазНУ. Серия Биологическая 2012 1- Том, №4, 91 - 94 Стр., 4 - Стр. Изучение Влияния Углеродных Нанотрубок На Фотосинтез Микроводорослей Chlamydomonas Reinhardtii С Использованием Флуориметра М-РЕА2.// Естественные И Технические Науки. // Журнал Поиск: Серия «Естественных И Технических Наук», 2012 №3, 2 - Стр. Влияние Наночастиц Серебра И Золота На Параметры Флуоресценции Хлорофилла Мутантов Зеленой Микроводоросли Chlamydomonas Reinhardtii P.A. Dang. // Хабаршы Вестник КазНУ, Серия Биологическая 2012 1- Том, №4, 267 - 269 Стр., 3 - Стр. Жұбанова А.А., Кирбаева Д.К. Биологическая Активная Добавка На Основе Биомассы Spirulina Platensis В Комбинации С Порошком Корнеплода Моркови // "Вестник " 2011 1- Том, №2, 135 - 137 Стр., 3 - Стр.