Бэтмен () — DC Comics компаниясының ойдан шығарған комикс суперқаһарманы. Авторы жазушы Билл Фингер және суретші Боб Кейн. Бірінші рет Detective Comics #27 (1939 жылының мамыр айында) шығарылымында пайда болды.
Тарихы Қазіргі кезде Бэтменнің тарихы өзгеруде. Себебі қаһармандар әлемді сақтау үшін осы әлемнің тарихын өзгертеді. Одан басқа DC мультиәлемінде шексіз көп әлемдер бар. Осы әлемдерде ұқсас емес. Мысалы, 3-інші мултиәлемнің Жерде тұратын бэтменнің қарама-қарсы аналогы Оулменнің тарихы мүлдем басқа. Бірақ, Бэтменнің сақталып қалған және әлі күнге дейін әйгілі бір тарихы бар. Ата -анасының өлімінен кейін бала моральды түрде қатты жарақаттанады. Брюс Уэйн әкесі дәрігер Томас Уэйннің және анасы Марта Уэйннің өліміне куәгер болғаннан кейін қаланы қылмыскерлерден құтқарамын деген мақсат қояды. Ол бұл мақсатқа жету үшін Бэтмен бетпердесін киюге мәжбүр болады.
Бұл жағдайдан кейін авторлар Бэтменнің жанына Робинді қосады. Бірақ, сериялар арасындағы балансты сақтау үшін DC баспасы Робинді артқы жоспарға көшірді.Pearson, p. 185
Бэтмен туралы көптеген комикстар бар. Ең танымал комикстарының бірі «Мен готэммін», «Ұзын Хэллоуин», «Құдайлар арамызда», «Өлімді әзіл». Ол туралы фильм яғни «Қара сері» ең көп қаржы әкелді. Бэтменнің комикс әлемінде көптеген нұсқалары бар, мысалы, 52-нші нұсқасында ол Білім Құдайы болады. Бэтмен ол нұсқасында адамдардың ішіндегі ең ақылдысы болады. Бэтменнің баласының аты Демиан. Оның лақап аты Робин. Робинді Бэтмен бала кезінен тәрбиледі. Бэтмен Робинді өзі сияқты қорғаушы етуді қалайды. Кейін Робин Найтвиг атын алып Бэтменныің ескі шәкірті болып ғана қояды.
Дереккөздер
Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:DC Comics суперқаһармандары Санат:1939 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:Боб Кейн ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Билл Фингер ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Комикс кейіпкерлері