Мария Луиза Пармская (исп. María Luisa de Parma, итал. Maria Luisa di Borbone-Parma; 9 желтоқсан 1751, Парма, Парм герцогствосы — 2 қаңтар 1819, Рим, Папа облысы) – Испания патшайымы және патша IV Карлдың әйелі.

Өмірі Мария Луиза І Филипптың, Парм герцогының және оның әйелі француз ханшайымы Луиза Елизаветаның қызы болды. Оған Луиза Мария Тереза деген ат тағылса да, ол көбінесе Мария ЛуизаE. Harding, A Chronological Abridgement of the History of Spain (Frogmore Lodge, Windsor, 1809), xxxi атымен танымал болды.  Ол Испандық V Филипп пен  Францух XV Людовикке немере болып келген.

Франсиско Гойя оның портреттерін жиі салатын. Замандастар оны әлсіз және ұяң патшаны билеген әдепсіз және дөрекі патшайым деп сипаттаған. Кейбір дереккөздер бойынша оның күйеуінің премьер-министрі Мануэль Годой оның көңілдесі болды.

Мария Луиза Франциямен тұтқындалды, ал күйеуі 1808 жылы алдымен ұлы Фердинандтың пайдасына, ал сосын Наполеонның пайдасына Испания тағынан бас тартты. Мария Луиза, Годой және бұрыңғы патша қалған өмірлерін Испаниядан тыс жерде өткізген. Жұбайлар 1819 жылы Римде қайтыс болды. Олардың сүйектер Испанияға жеткізіліп, патшалық кесенеге көмілген болатын.

Кейбір мәлімет бойынша Мария Луизаның бірнеше баласы күйеуінен туған жоқ деген ой туындады. 

Балалары Атытуған күні Қайтыс болған күні Ескертпе Карл Климент (Карлос Клементе)19 қыркүйек 1771 жыл7 наурыз 1774 жылБалалық шағында қайтыс болдыКарлотта Хоакина (Карлота Жоакина)25 сәуір 1775 жыл7 қаңтар 1830 жылПортугалияның патшайым-консортыМария Луиза (Мария Луиса)11 қыркүйек 1777 жыл2 шілде 1782 жылБалалық шағында Ла-Гранхадақайтыс болды. Мария Амалия9 қаңтар 1779 жыл22 шілде 1798 жылЖас кезінде қайтыс болды. Карл Доминик (Карлос Доминго) 5 наурыз 1780 жыл11 маусым 1783 жылБалалық шағында қайтыс болды.Мария-Луиза6 шілде 1782 жыл13 наурыз 1824 жылЭртурия патшасына тұрмысқа шықтыКарл Франциск (Карлос Франсиско)5 қыркүйек 1783 жыл11 қараша 1784 жылБалалық шағында қайтыс болды.Филипп Франциск (Фелипе Франсиско)5 қыркүйек 1783 жыл18 қазаң 1784 жылБалалық шағында қайтыс болды. Фердинанд (Фернандо)14 қазаң 1784 жыл29 қыркүйек 1833 жылИспания тағының мұрагеріКарлос29 наурыз 1788 жыл10 наурыз 1855 жылИспания тағына мұрагер Мария Изабелла 6 маусым 1789 жыл13 қыркүйек 1848 жылНеаполитандық патшайым, І Францисктың әйеліМария Тереза16 ақпан 1791 жыл2 қазаң 1794 жылБалалық шағында қайтыс болды. Фелипе Мария28 наурыз 1792 жыл1 наурыз 1794 жылБалалық шағында қайтыс болды. Франциско де Паула де Бурбон (Франсиско Антонио)10 наурыз 1794 жыл13 тамыз 1865 жылКадисс герцогы

Дереккөздер Орыс уикипедиясынан аударылған.