Щапов — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Щапов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 31 км жерде, Көшім өзенінің ескі арнасы Щапов көлінің жағалауында орналасқан. нобай|солға|200px|Щапов ауылы
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 986 адам (482 ер адам және 504 әйел адам) болса, 2009 жылы 1205 адамды (584 ер адам және 621 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1723 адамды (866 ер адам және 857 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Ауыл 1963-1995 жылы жұмыртқа өндіретін Орал құс фабрикасының орталығы болған. Оның негізінде 1995 жылдан “Орал құс фабрикасы” ЖШС-і жұмыс істейді. Ауыл арқылы Орал – Самара (Ресей) автомобиль жолы өтеді.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Ауыл көшелері Абылай хан (Мир) көшесі Б. Момышұлы (Школьная) көшесі Байқоңыр (Орбита) шағын ауданы Бәйтерек (Ленин) көшесі Достық (Фабричная) көшесі Жайық (Октябрьская) көшесі Құрманғазы (Набережная) көшесі Қызылжар (Заречная) көшесі Новая көшесі Орал (Уральская) көшесі Сырым батыр (Советская) көшесі
Дереккөздер
Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері