{Тексерілмеген мақала|date=наурыз 2016}} <big> <Шотбаева Рысты (1928–1994) Сәкен Сейфуллиннің шәкірті 10 маусымда Ақмола облысы Көркейту ауылында туған. Жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін Ақмола қаласында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын курста мұғалім болады. Осымен бір мезетте Ақмола педучилищесінде оқып, оны соғыстан кейін бітіреді. Ақмола облысы, Ерейментау ауданында мұғалім болады, кейіннен Қарағандыда екі жылдық мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін сырттай оқып бітіреді. 1958 жылдан облыстық және республикалық газеттер мен журналдардың беттерінде поэмалары, әңгімелері, пьесалары, сондай-ақ балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері жарық көре бастайды. Пьесалары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шымкент, Павлодар облыстық театрларының репертуарларынан орын алған. Шығармалары: Ереймен етегінде 1973; Поэмалар. «Жазушы», 1973; Нұра – бақыт өзені. «Жазушы» 1977; «Толқынды Нұра»1983; «Достық жолында»1987; «Арайлы таң» 1989; балаларға арналған әңгімелер мен ертегілер «Жалқаудың жазасы» 1981;«Көк қарандаш» 1981; «Алып» 1984;
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шотбаева Рысты · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.